Қала тұрғындарының мүддесінде

«Алматы электр станциялары» акционерлік қоғамында Алматылық 2-ЖЭО жобаланатын қазанның қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жобасы таныстырылды.

Қоғамдық тыңдауларға Алматы қ. бойынша экология департаментінің өкілдері, СЭС органдары, «АлЭС» АҚ, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

ҚОӘБ жобасын «Қазэкология» республикалық ғылыми-өндірістік орталығының мамандары әзірлеген.

«АлЭС» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Мұхамед-Рахимовтың айтуынша, қазанагрегат ҚР экологиялық талаптарына сәйкес болады. Жобаны іске асыру Алматы қ. тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және 2-ЖЭО аймағында жаңадан салынып жатқан Универсиада-2017 объектілері үшін қосымша жылу және электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді.

2-ЖЭО-ға сегізінші қазанды енгізе отырып, «АлЭС» АҚ электр энергияны өндіру көлемін жылына 500 миллион киловатт сағатқа көтереді, бұл электр энергиясын өндіруді 7-8 пайызға көтеріп біздің тұрғындарды электр энергиясымен және жылумен тұрақты түрде жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Виктория Избицкая