«Алматы электр станциялары» АҚ: «Макулатура тапсыр – ағашты құтқар!» атты экологиялық акцияның өткізуі туралы хабарлайды

Акцияның мақсаты: біздің ғаламшарымыздың табиғи ресурстарын сақтау және оларға жауаптылықпен қарау, қалдықтарды бөлек жинау, атап айтқанда – макулатураны (қағаз қалдықтарын) жинау және өңдеу қағидалаларын насихаттау.

Бұл акция 2019 жылы 21 қыркүйекте өтетін Дүниежүзілік тазалық күніне арналады.

Акцияның міндеті:  бірнеше тонна макулатураны жинап, қайта өңдеуге жіберу арқылы ондаған ағаштарды сақтап қалу, сондай-ақ ресурстарға ұқыпты қарау мәдениетін және корпоративтік деңгейде экологиялық жауапкершілікті дамыту.

Акцияның сипаттамасы: 20 қыркүйекке дейін акцияға қатысушылар Компанияның күнделікті жұмыс барысында пайда болатын қағаз  қалдықтарын жинайтын болады – бұл кеңсе қағазы, журналдар, жарнамалық полиграфия, газеттер, ескі және қолданыстан шыққан кітаптар, қағаз орамдары, картондар.

Қатысушылар: «АлЭС» АҚ барлық қызметкерлері.

Экологиялық акцияға қойылатын талаптар:

Қабылданады:

  • журналдар, ескі және қолданыстан шыққан кітаптар,газеттер;
  • мұрағаттан шыққан қағаздар, гоф қатты қағазы және картон орамасы;
  • баспахана қалдықтары және т.б.

Тапсыру алдында макулатура қораптарға салынып, жіппен байлануы тиіс. Макулатураны тапсыру шарттары:

  • қағаз немесе картон құрғақ болуы тиіс, әрі екі жағынан жазылған болуы керек;
  • құжаттар мен құрама бұйымдар қыстырғышсыз, қапсырмасыз, файлсыз, тігілмеген қалпында қабылданады;
  • тапсырылатын бұйым лакпен, химиямен немесе маймен ластанбауы тиіс. Акцияны өткізу кезеңдері:
  • 2019 ж. 29 тамыз – хабарландыру;
  • 2019 ж. 20 қыркүйекке дейін – департаменттерде макулатураны өлшеп, қабылдап алу;
  • 2019 ж. 23 қыркүйекке дейін –макулатураны жинау жөнінде қорытынды хабарлау.

Акцияны өткізу шарттары:

Тапсырылған макулатураның салмағын бағалау үшін «АлЭС» АҚ арнайы қазылар алқасының жеке құрамын қалыптастырады, оған Қоғам Басқармасының Төрағасы, Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, Басқарма Төрағасының даму жөніндегі орынбасары, ҚҚБ басқарушы директорлары, АҚ экология қызметінің өкілдері, БК ӘШБ өкілдері, ҚҚБ ӘШБ өкілдері кіреді.

Конкурсқа қатысушыларды марапаттау нысандары:

Акция жеңімпаздары тиісті грамоталармен марапатталады.