«Алматы электр станциялары» АҚ қызметкерлер арасында «АлЭС жұмыскерлердің көзімен» атты жыл сайынғы корпоративтік конкурс өткізуді жариялайды

«Алматы электр станциялары» АҚ қызметкерлер арасында

«АлЭС жұмыскерлердің көзімен» атты

жыл сайынғы корпоративтік конкурс өткізуді жариялайды

 

Байқаудың мақсаты: «АлЭС» АҚ-ның жағымды бейнесін, оның қызметін арттыру, жұмыскерлердің корпоративтік ынтымақтастық сезімін тәрбиелеу.

Байқаудың негізгі міндеті «АлЭС» АҚ еңбек адамының құндылықтарын насихаттау болып табылады.

Қатысушылар:

конкурсқа «АлЭС» АҚ-да жұмыс істейтін кез келген адам қатыса алады.

Конкурстық жобаларға қойылатын талаптар:

Байқауға түрлі - түсті және ақ-қара суреттер қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін бір автордан 7-ден аспайтын жұмыс жіберіледі.

Байқауға бір автордан екі шағын фильм қабылданады. Мини фильмнің сапасы 720 пикселде, ұзақтығы 1,5 - 2 мин.

Фотожұмыстар электронды түрде (А3 форматында басып шығару үшін JPEG форматында) қабылданады

Байқау номинациялары

1.Фотобайқау номинациялары:

• «Өндіріс өнер ретінде» - өндірістік техниканың, жөндеу жұмыстарының көркем немесе жанрлық суреттері;

• «Сенімді адамдар» (еңбекті қорғау талаптарын міндетті түрде ескере отырып, еңбек адамының көркем суреті);

2.Шағын фильм номинациясы:

• «Мен өз мамандығымды ұнатамын»

Конкурстық материалдарды іріктеу талаптары

• байқау тақырыбына сәйкестігі және оның ашылуы;

• суреттегі немесе шағын фильмдегі идеяның ерекшелілігі мен мәнерлігі;

• көркемдік шеберліктің сапасы мен орындауы;

• стильдік бірлік, композициялық және функционалдық шешім;

• фотосурет немесе шағын фильм сапасы .

Конкурсты өткізу шарттары:

конкурсқа ұсынылған жұмыстарды бағалау үшін«АлЭС» АҚ энергетика ардагерлері, қоғам Басқармасының мүшелері, кәсіподақ және жастар ұйымының өкілдері кіретін қазылар алқасының құрамын қалыптастырады.

Конкурсты өткізу кезеңдері:

• 2019ж.01 Шілде - конкурсқа қатысушыларға хабарландыру;

• 2019ж. 30 қыркүйекке дейін-конкурстық жұмыстарды қабылдау;

• 2019ж. 15 қарашаға дейін-қазылар алқасының шығармашылық жұмыстарды бағалауы мен жеңімпаздар тізімін қалыптастыру.

Конкурсқа қатысушыларды марапаттау нысандары:

Конкурстың финалистері тиісті дипломдармен және материалдық көтермелеумен марапатталады:

•Әр номинация бойынша 1-ші жүлделі орынға – 60 000 теңге;

•Әр номинация бойынша 2-ші жүлделі орынға – 45 000 теңге;

•Әр номинация бойынша 3-ші жүлделі орынға-30 000 теңге;

•«Жұмыскерлердің көзайымы» номинациясына арнайы сыйлық - 50 000 теңге.

Үздік жұмыстар қоғамның сайтында орналастырылады.

Фотосуреттер мен шағын фильмдер электрондық пошта арқылы қабылданады: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. (Конкурсқа жіберілген жұмыстар кері қайтарылмайды және «АлЭС»АҚ меншігі болып табылады).

Электрондық поштаға жіберілетін фотосуреттер мен шағын фильмдерге форма бойынша өтінімді қоса беру қажет.

Басқарма Төрағасының нұсқауына сәйкес конкурсты өткізу кезеңінде корпоративтік конкурсқа қатысатын жұмыскерлерге фото - және бейнетүсірілімдер рұқсат етілген.