АлЭС АҚ Инвестициалық жобалары жөніндегі акпарат

А. Жақұтов атындағы Алматы 2-ЖЭО

 

Пайдалануға берілген жылы – 1980-1989.

Негізгі отын түрі – Екібастұз көмірі:
                                тұтыну – жылына 2,2 млн. тонна;
                                қүл – 40%-дан астам.

Қуаты: белгіленген электр қуаты – 510 МВт;
             қолданыстағы электр қуаты - 370,9 МВт;
             белгіленген жылу қуаты - 1 411 Гкал/сағ;
             қолданыстағы жылу қуаты-952 Гкал/сағ.

Пайдаланыста: 8 энергетикалық қазандық, 6 турбина.

Құрғақ жиналатын күл үйіндісі: ауданы – 200 га (21 млн. тонна)

 

«Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасы

Іске асыру мерзімі: 2022-2026 жж.

Негізгі отын табиғи газ:
                     жоспарланған тұтыну көлемі – жылына 1 122 млн. нм3.

I іске қосу кешені: 2024 жылғы 4-тоқсан;

II іске қосу кешені: 2025 жылғы 4-тоқсан;

III іске қосу кешені: 2026 жылғы 4-тоқсан.

Белгіленген қуаты: электр – 557 МВт;
                                 жылу – 816 Гкал/ч.

ТЭН-ге сәйкес жобаның құны: 324,1 млрд. теңге (ҚҚС-мен).

Жобаны іске асырғанға дейін және кейін зиянды заттардың шығарындылары:
2022 жыл – 37, 3 мың тонна;
2026 жылы – 2,5 мың тонна.

Ағымдағы күйі:

  • 2022 жылғы тамызда Еуропалық қайта құру және даму банкінің халықаралық стандарттары мен ережелеріне сәйкес EPC-мердігерді таңдау үшін екі кезеңді ашық тендер жариялау жоспарлануда.
  • Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚҚДБ) және Азия даму банкімен (АДБ) мандаттық хаттарға қол қойылды.
  • ЕҚҚДБ, АДБ және ҚРБ-мен инвестициялық жобаны іске асыру үшін қаражат тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алматы 3-ЖЭО

3-ЖЭО 1962 жылы пайдалануға берілді. Бұл станция конденсациялық режимде жұмыс істейді және қызметі электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіруге бағытталған.

Негізгі отын  Екібастұз көмірі:
                       тұтыну – жылына 947,9 мың тонна.

Пайдаланыста: 6 энергетикалық қазандық, 4 турбина.

Құрғақ жиналатын күл үйіндісі: ауданы – 44 га (3,4 млн. тонн)

Қуаты: белгіленген электр қуаты – 173 МВт;
            қолданыстағы электр қуаты – 138,9 МВт;
            белгіленген жылу қуаты – 335,3 Гкал/сағ;
            қолданыстағы жылу қуаты – 276,4 Гкал/сағ.

 

«Станцияның қуатын кемінде 450 МВт-қа ұлғайта отырып, Алматы 3-ЖЭО қайта құру» жобасы

Жобаның мақсаты: қуатын кемінде 450 МВт-қа ұлғайта отырып, станцияны қайта жаңарту ҚР оңтүстік аймағындағы маневрлік қуаттардың сұранысын жабу және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту үшін қажет.

Жобаның алдын ала құны: «Мемсараптама» РМК қорытындысын алғаннан кейін анықталады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2022-2025 жылдар.

Негізгі отын табиғи газ:
                     жоспарланған тұтыну көлемі – жылына 885 млн. нм3.

Белгіленген қуаты: электр – 544 МВт;
                                 жылу – 160 Гкал/сағ.

Ағымдағы күйі:

  • 2022 жылғы ақпанда жобаның ТЭН құрамында қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау нәтижелері бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілді.
  • 2022 жылғы 15 наурызда ҚР ЭГжТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті жобаның ТЭН-іне ықтимал әсерлер туралы есеп бойынша қорытынды берді.
  • 2022 жылғы ақпанда Еуразиялық даму банкімен қаржыландыру туралы Меморандумға қол қойылды.
  • Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қаржы тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
  • ТЭН әзірленуде.

Жоспарланған іс-шаралар:

  • 2022 жылдың 3 тоқсанында маневрлік генерациялау режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттыққа қатысу жоспарлануда;
  • EPC-келісімшарт жасасу.

Б. Оразбаев атындағы Алматы 1-ЖЭО

1-ЖЭО – Қазақстандағы ең көне ЖЭО-лардың бірі (1935 жылы салынған).

2017 жылы ол толығымен газға ауыстырылды.

Қуаты: белгіленген электр қуаты – 145 МВт;
             қолданыстағы электр қуаты – 101,0 МВт;
             белгіленген жылу қуаты – 1 203 Гкал/сағ;
             қолданыстағы жылу қуаты – 957,2 Гкал/сағ.

 

«Қуаты 200-250 МВт ПГҚ салу арқылы Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО кеңейту» жобасы

Одан әрі кеңейтудің көздейтіні: электр қуаты 200-250 МВт ПГҚ салу.

Жобаның алдын ала құны: ТЭН әзірлегеннен кейін анықталады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2022-2026 жылдар.

Негізгі отын табиғи газ:
                      жоспарланған тұтыну көлемі – жылына 680 млн. нм3.

Ағымдағы күйі:

  • ТЭН әзірлеу жүргізілуде;
  • 2022 жылғы 14 қаңтарда жобаның ТЭН құрамында қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау нәтижелері бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілді;
  • 2022 жылғы 28 қаңтарда ҚР ЭГжТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті жобаның ТЭН-іне ықтимал әсерлер туралы есеп бойынша қорытынды берді.

Жоспарланған іс-шаралар:

  • ТЭН әзірлеуді аяқтау;
  • Инвестициялық келісім жасау және жеке тариф алу;
  • EPC-келісімшарт жасасу.

Жалпы ақпарат

Алматы 1-ЖЭО, 2-ЖЭО және 3-ЖЭО жаңғыртылып, газға ауыстырылды:
– жалпы электр қуаты қазіргі 1 236 Мвт-тан 1710 Мвт-қа дейін артады;
 зиянды заттардың шығарындылары қазіргі 50,4 мың тоннадан 2026 жылы жылына 6,7 мың тоннаға дейін азаяды.