РЫСҚҰЛОВ АЙДАР ҚАЙРАТҰЛЫ – ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

Kogabekov

 

РЫСҚҰЛОВ АЙДАР ҚАЙРАТҰЛЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

 

1981 жыл 21 қыркүйекте дүниеге келді.

Білімі – жоғары: 2002ж. – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, «Экономика» факультетінің «Қаржы және несие» мамандығы;

2006ж. – «Қазақтұтынуодағы» Қарағанды Экономикалық Университеті, «Құқықтану» факультетінің «Экономика саласында құқықтық реттеу» мамандығы;

2015ж. - Назарбаев Университеті, DUKE University бірлескен бағдарламасы бойынша «Іскерлік әкімшілік магистрі» (Executive MBA) дәрежесі берілді.

Еңбек жолы:

10.2019ж. бастап –қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ, Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры;

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ, Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы;

2014 – 2019 жылдары «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ, Корпоративтік қаржы департаментінің директоры;

2012 – 2014 жылдары «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ, Қаржы активтерін басқару жөніндегі директоры;

2009 – 2012 жылдары «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, Инвестициялық жобалар департаменті директорының орынбасары;

2006 - 2008 жылдары «Қазақстан Халық Банкі», Ақтау қаласындағы филиалы, Орта бизнеске Сату орталығының бастығы;

2006 – 2006 жылдары «Банк Центр Кредит» АҚ, Астана қаласындағы филиалы, бизнес-клиенттер бөлімінің аға кредит офицері;

2003 – 2006 жылдары «АТФ Банк» АҚ, Астана қаласындағы филиалы, ЕҚДБ бағдарламасы бойынша ШОБ несиелендіру бөлімінің маманы, клиенттерді тарту секторының маманы;

2002 – 2003 жылдары «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, Қарағанды қаласындағы филиалы, инженер-экономисі.