Тұтынушылар мен жеткізушілер

«АлЭС» АҚ-ның электр мен жылу энергиясы бойынша ең ірі тұтынушылары болып:

  • «АЖК» АҚ – өзінің қызмет ету аймағындағы – Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы халық, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындары үшін электр қуатын тасымалдау және үлестіру бойынша республиканың оңтүстігіндегі ірі компания. «АЖК» АҚ Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тізілімі республикалық бөлімшесіне енгізілген. Бүгінгі күні «АЖК» АҚ Алматы өңірінің шамамен 2,2 миллион халқын электр қуатымен қамтамасыз етеді.
  • «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС - Алматы қаласы мен Алматы облысының 2,6 млн. тұрғынын және 24 мың кәсіпорнын электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған Қазақстан территориясындағы ірі электр қуатын жеткізуші. Жұмыстың сапасын жақсарту және әрбір аудандағы халыққа қызмет көрсету мәдениетін жоғарлату мақсатында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өзі қызмет етіп келе жатқан жылдардың ішінде Алматы облысында 9, ал Алматы қаласында 6 Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығын ашты.
  • «Алматы жылу желілері» ЖШС – Алматы қ. тұтынушыларын жылу қуатымен үздіксіз қамтамасыз ететін компания. Қазіргі уақытта «Алматы жылу желілері» ЖШС жалпы магистралды, таратушы және квартал іші желілерінің жалпы ұзақтығы 854,906 шақырымды құрайды, жылыландыру аймағы 128952 шаршы м құрайтын қаланың территориясын қамтиды.

«АлЭС» АҚ үшін отын мазутының, байытылмаған көмір мен газдың ірі жеткізушілері келесілер:

  • «ҚазМұнайГаз– қайта өңдеу мен маркетинг» АҚ - бұл жоғары тиімді сауда және қайта өндіретін, мұнайды барлау мен өндіруге, мұнай өнімдерін шығару мен сату бағытын белеснді дамытып отырған компания. «Қазмұнайгаз – қайта өңдеу мен маркетинг» АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ еншілес ұйымы болып табылады. «Қазмұнайгаз – қайта өңдеу мен маркетинг» Атырау мұнай өңдейтін зауытынан «АлЭС» АҚ үшін отын мазутын жеткізуші.
  • «Богатырь Көмір» ЖШС – елдегі ірі көмір өндіретін, көмірді өндіруді еашық әдіспен екі «Богатырь» мен «Северный» бөлігінде жүргізетін компания. Компанияның жиынтық өнеркәсіптік қорлары шамамен 3 млрд тонна көмірді құрайды. «Богатырь» өдірістік қуаты – жылына 32 млн. тонна көмір, «Северный» бөлігінде - жылына 10 млн. тонна көмір. Компания үлесіне Екібастұз көмір бассейніндегі өндірілетін барлық көмір көлемінің 69% тиесілі. «Богатырь Көмір» ЖШС АлЭС үшін байытылмаған көмір жеткізушісі болып табылады.
  • «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ - бұл Алматы Алматы облысын газбен қамтамасыз ететін және газбен жасақтау қызметінің әр түрлі түрлерін бірегей технологиялық процеске ықпалдастыруды жүзеге асыратын компания болып табылады. «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ-ның еншілес компаниялары «АлматыГазТрейд» ЖШС мен «Алматы газ желілері» ЖШС Алматы өңіріне газды жеткізеді және оны «АлЭС» АҚ-ға сатады.