Компанияның даму тарихы

Қызмет ете бастауы: 2006 ж. маусымы

Мекенжайы: 050002, Алматы қ., Достық даңғ., 7

Тел. / факс: (+7727) 254-03-31 / 250-79-74

«АлЭС» АҚ персоналының саны: 3227 адам.

«АлЭС» АҚ құрамына кіреді: ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3, БЖК, Қапшағай ГЭСі, Каскад ГЭС, ӨЖК, ОҚТО.

«Алматы Электр Станциялары» АҚ құрылу тарихы

«Алматы Электр Станциялары» акционерлік қоғамы («АлЭС» АҚ) «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 23.05.2006 ж.№92 шешімі негізінде құрылды және 01.06.2006 ж. тіркелді. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі 78188-1910-АО. Қазіргі уақытта компания «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының тобына кіреді.

«АлЭС» АҚ - Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу мен электр энергиясын шығару жөніндегі қызметті жүзеге асырыатын энергия шығаратын ұйым. Бүгінгі күні өндірілетін жылу мен электр энергиясы Алматы қаласы мен Алматы облысы қажеттілігінің 70% қамтиды.

«АлЭС» АҚ Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тізілімі республикалық бөліміне енгізілген (жылу энергиясын өндіру бойынша табиғи монополия субъекті болып табылады).

«АлЭС» АҚ құрылымына келесі өндірістік департаменттер кіреді: ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3; Қапшағай ГЭСі, Алматы ГЭСтерінің Каскады, Батыс жылу кешені (БЖК), Отынды қабылдау және түсіру орталығы (ОҚТО), «Энергоремонт» өндірістік жөндеу кәсіпорны (ӨЖК).

Алматы ЦЭС-ін (қазір АлЭС ЖЭС-1) жобалау мен құрылысы 1931 жылы басталды.Ал 1935 жылғы 25 қазанда бірінші агрегат өндірістік жүктемеге қойылды. ЖЭС-1 құрамына келесі негізгі жабдық енеді:

  • алты энергетикалық қазан агрегаттары БКЗ-160-100;
  • жеті су жылыту қазандары ПТВМ-100;
  • екі бу турбинасы ПТ-60-90/13;
  • бір бу турбинасы Р-25-90/18.

Жабдықтар 1960 және 1996 жылдар аралығында іске қосылған.

Алматы ЖЭС-2 құрылысы 1974 ж. басталды. 1980-1983 жылдары пайдалануға үш БКЗ-420-140-7С типті бу қазандары және үш ПТ-80/100-130/13 типті турбина енгізілді. Құрылыстың 2-кезегі 1985-1989 жылдары жүзеге асырылды. ЖЭС-2 құрамына келесі негізгі жабдық кіреді:

  • жеті энергетикалық қазан агрегаттары БКЗ-420-140-7с;
  • үш бу турбинасы ПТ-80-130/13;
  • екі бу турбинасы Т-110-130;
  • бір бу турбинасы Р-50-130/13.

Жабдықтар 1980 және 1989 жылдар аралығында іске қосылған.

Қуаты 100 тыс. кВт болатын Алматы ГРЭС-нің бірінші кезектегі құрылысының жобасы Алматы Совнархозының 1959 жылғы 9 желтоқсандағы шешімімен бекітілді. Құрылыс басталған жыл – 1957. ЖЭС-3 құрамына келесі негізгі жабдық кіреді:

  • алты энергетикалық қазан агрегаттары БКЗ-160-100;
  • үш бу турбинасы Т-41-90;
  • бір бу турбинасы К-50-90.

Жабдықтар 1960 және 1967 жылдар аралығында іске қосылған.

Батыс жылу кешенінің (БЖК) бастамасы 1963 жылғы 26 қарашада салынған еді. Ол кезде екі су жылытатын қазан орнатылды және пайдалануға берілді, 1964-67 жылдары пайдалануға тағы бір су жылытатын және бес булы қазан беріледі. Қазіргі уақытта БЖК құрамына келесі негізгі жабдық кіреді:

  • үш бу қазаны БО-25/15;
  • екі бу қазаны ГМ-50/14;
  • екі су жылыту қазаны ПТВМ-50;
  • алты су жылыту қазаны ПТВМ-100;
  • төрт су жылыту қазаны КВГМ-100.

Жабдық 1963 және 1988 жылдар аралығында іске қосылған.

Қапшағай ГЭС-ін жобалауды 1959 жылы, жобаны 1961-1964 жж. аяғына дейін өңдей отырып, С.Я. Жуков атындағы Жалпы кеңестік жобалау-іздестіру «Гидропроект» институтының Қазақ филиалы жүзеге асырды. 1965 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 25.02.65ж. №266-Р өкімімен құрылып жатқан Қапшағай ГЭС-нің дирекциясы құрылды және оның құрылысы басталған еді. 1980 ж. Қапшағай ГЭС-нің құрылысы аяқталды және құрылыспен аяқталған Қапшағай ГЭС-ін мемкомиссиямен қабылдау актісіне қол қойылды.
Қазіргі уақытта Қапшағай ГЭСі құрамына келесі негізгі жабдық кіреді:

  • төрт гидроагрегат ПЛ2-50/642-В-650.

Жабдық 1970 және 1971 жылдар аралығында іске қосылды.

Үлкен Алматы ө. Каскад ГЭС-нің құрылысы 1920 жылдың ГОЭЛРО жоспарымен қарастырылып қойған. Соғысқа дейінгі кезеңде Алматы қ. Электрмен қамтамасыз етудің жалғыз көзі Алматы ЦЭС-і болатын. Жобалау мен дайындық жұмыстары «Гидропроект» институтының ленинградтық бөлімшесімен 1942 жылы басталған еді, ал 1943 жылдың сәуірінен бастап тікелей бірінші электр станцияларының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта Каскад ГЭС құрамына келесі негізгі жабдық кіреді:
ГЭС-1 орнатылған үш гидроагрегат ф.Ансальдо (Италия);
ГЭС-2 орнатылған үш гидроагрегат КВГ179х16,4-1;
ГЭС-5 орнатылған бір гидроагрегат РО638-ВМ-100;
ГЭС-6, 7, 8 орнатылған үш гидроагрегат ф.Лаффель (USA);
ГЭС-9, 10, 11 орнатылған бір гидроагрегат РОФ700;
Талғар ГЭС-інде орнатылған үш гидроагрегат РО-15-ГМ-84.
Жабдық 1943 және 1963 жылдар аралығында іске қосылды.

Отынды қабылдау және түсіру орталығы (ОҚТО) 1998 жылы құрылған. ОҚТО АлЭС ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3 департаменттерінің территорияларында орналасқан үш телімге ие. ОҚТО отын және басқа жүктерді қабылдауды, түсіруді және беруді, сонымен қатар ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3 департаменттерінің темір жолдарының жөндеуі мен күтілуін қамтамасыз етеді.

«Энергоремонт» ӨЖК өндірістік-жөндеу кәсіпорны 1980 жылдың мамырында құрылған еді. Негізгі өндірістік бөлімшелері ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3, БЖК территорияларында орналасқан. «АлЭС» АҚ барлық жылу қуат көздерінің негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеуді қамтамасыз етеді. «Энергоремонт» ӨЖК құрамына ЖЭС-2 өнеркәсіптік алаңында орналасқан өндірістік база, сонымен қатар ЖЭС-1, ЖЭС-2, ЖЭС-3, БЖК департаменттерінің территорияларында орналасқан жөндеу цехтері мен телімдері кіреді.

2017 жылға қарай Іле өзенінің бойында Кербұлақ ГЭСі – жаңа гидроэлектрстанциясын құру жоспарланып отыр.

«АлЭС» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келесі қызмет түрлерін атқарады:

  1. электр және жылу қуатын өндіру, электр станцияларын, электр желілерін және шағын станцияларын пайдалану;
  2. гидротехникалық, жүк көтеру құралдарын, сонымен қатар қысыммен жұмыс істейтін қазандарды, ыдыстарды және құбырларды пайдалану;
  3. жарылыстан қорғалған электртехникалық жабдықты, жүк көтеру құралдарын, сонымен қатар жұмыс қысымы 0,7 кг/см2 және жылутасымалдағышының температурасы 115 С градус болатын қазандарды жөндеу;
  4. жүк көтеру құралдарын (өздігінен жүретін жүк көтеретін крандарды) пайдалану;
  5. прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет;
  6. заңда тыйым салынбаған және Жарғыда көрсетілген қызметімен технологиялық байланысы бар басқа қызмет.