Компания туралы

«Алматы Электр Станциялары» акционерлік қоғамы («АлЭС» АҚ) – Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу мен электр энергиясын шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия шығаратын ұйым. «АлЭС» АҚ халықты, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарды электр энергиясымен қамтамасыз етеді, жылу энергиясын шығару бойынша табиғи монополияның субъектісі болып табылады. «АлЭС» АҚ «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 23.05.2006 ж.№92 шешімі негізінде құрылды және 01.06.2006 ж. тіркелді. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу нөмірі 78188-1910-АҚ. Қазіргі уақытта компания «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының тобына кіреді. «АлЭС» АҚ ұйымдастыру құрылымына 8 өндірістік бөлімше кіреді

Өндірісітік департаменттер:

  • ЖЭС-1 –электрлік және жылу энергиясын шығару;
  • ЖЭС-2 –электрлік және жылу энергиясын шығару;
  • ЖЭС-3 - электрлік және жылу энергиясын шығару;
  • Қапшағай ГЭС-і–электр энергиясын шығару;
  • Каскад ГЭС-і - электр энергиясын шығару;
  • Батыс жылу кешені (БЖК) –жылу энергиясын шығару;
  • «Энергоремонт» өндірістік жөндеу кәсіпорны (ӨЖК) –«АлЭС» АҚ жабдығын жөндеу;
  • Отынды қабылдау және түсіру жөніндегі орталық (ОҚТО) –«АлЭС» АҚ үшін отынды қабылдау және түсіру.